1033

А. Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарының құрылысы барысымен танысты

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарын аралады. 

№24 мектепте оқу жылы қарсаңында 600 орынмен қамтитын жаңа корпус ашылады. Корпус үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Ескі ғимараттағы асхана мен спорт залға жартылай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі атап өткендей, салынған корпустар жаңа мектептерге тең.

Бұдан басқа, жыл соңына дейін "Пригородный"-да көпфункционалды спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істей бастайды. Орталықта жаттығу залы жабдықталған, сондай-ақ күрес, бокс және теннис залдары болады. Спорт кешенінде жарыстар өткізуге болады. Кешен 300 орынға арналған. Сондай-ақ кешенде байланыс орталығы қарастырылған, оған пошта бөлімшесі, үлкен кісілерге арналған шағын орталық, отбасылық денсаулық орталығы, полиция пункті және аула клубы кіреді. Ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынды ("Қазаэронавигация"РМК). Спорт кешенін инженерлік желілерге қосу және аумақты абаттандыру қажет.

Қала әкімі спорт кешені жолдарының және кіреберісінің құрылысын аяқтауды тапсырды. "Пригородный" елді-мекенінде 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалада барлығы 280 мың халқы бар 16 елді-мекені (қала халқының 25% ) бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109