503

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы жыл басынан бері 1 миллионнан астам өтінім қабылдады

2019 жылдың басынан бері iKOMEK109  бірыңғай байланыс орталығына 1 млн-нан астам өтінім түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көрсетілген миллион өтінімнің 725 мыңы - 109 нөмірі, 14 742 -WhatsApp және Telegram мессенджерлерінің чат-боттары арқылы, 8 785 - әкімдік сайты және 2 799 -мобильді қосымша арқылы берілді.
785 741 өтінім алғашқы қоңыраудан қаралып, шешімін тапты. Бүгінгі күні 172 671 өтінім бойынша жұмыс істелді, ал 6 823 өтінім қаралуда.
Статистика көрсетіп отырғандай, жыл сайын бірыңғай қызметке түсіп жатқан өтінім саны көбейіп келеді, сәйкесінше iKOMEK109 байланыс орталығындағы жұмыс тобының сапасы да артуда.
Айта кетейік, «әкімдіктің 109 қызметі» 2016 жылы 244 мың өтінім, 2017 жылы 293 мың өтінім қабылдап, оларды шешу үшін қызмет көрсетті.
Бұл көрсеткіштер елорда тұрғындары қаланы дамыту ісіне белсенді араласа бастағанын көрсетеді.
«Біз өз кезегімізде қалалықтарға көмектесуге тырысамыз, әр өтінімді аяқсыз қалдырмай, соңына дейін жеткіземіз. Сүйікті қаламызды көркейту үшін еңбек етіп, елорданың әр тұрғынымен белсенді жұмыс істеуге қашан да дайынбыз», - деді iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109