5823

Конституция күні: елордалықтар мерекені қайда өткізе алады?

Тамыз айының соңы мемлекеттік мереке – Конституция күніміен белгілі. Алда үш күн демалыс. Осыған орай, еліміздің бас қаласы өз тұрғындары мен қонақтарына қызыққа толы мерекелік бағдарлама әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

30 тамыз

 Мерекенің басты оқиғасы Орталық саябақтың тұрақ алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт болмақ. Ашық аспан аясындағы концертте тұрғындар мен қонақтарға Әли Оқапов, «Ringo» тобы, «Аламан» триосы, «Рояль» квартеті, «Джентельмендер» тобы, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері және «Наз» мемлекеттік би театрының шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді.  Концерттің 17:00-де басталып, 22:30-ға дейін жалғасады. Бағдарламаны кез келген адам тамашалай алады.

 Сондай-ақ осы күні Қалалық алаңда «Qazaqstan Jastar Fest» спорт фестивлі өтеді. Жарыс келесі спорт түрлерінен өтеді: арқан тарту, асық ату, кір тасын көтеру, армрестлинг, грэпплинг, шағын футбол, стритбол, BMX және брейк-данс. Бұдан бөлек, Киокушинкай-кан Каратэ республикалық ұлттық федерациясының спортшыларының, спорттың күштік түрлерінен 4 дүркін әлем рекордсмені, белгілі қазақ балуандары Балуан Шолақ пен Қажымұқан Мұңайтпасовтың ізін жалғастырушы Сергей Цырульниковтің өнер көрсетуі жоспарланған. Чемпионат шеңберінде алаңда Асық атудан қаланың ашық чемпионаты өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады. Жарыс 17:00- де басталып, 19:00-ге дейін жалғасады.

  ҚР Ұлттық музейінде өнер ордасының 5 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрасы» атты музейлер шеруі өтеді. Шараның салтанатты ашылуында мерекелік концерт, қолдаңбалы өнер, ағаш кесу, керамикалық ыдыс жасаудан шеберлік сағаттары, сондай-ақ музей залдарына экскурсиялар, сөзжұмбақ, кітап, кәдесый көрмесі, «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Шеңбер» ойындарынан жарыстар өтеді. Шара 18.00-де басталып, 03:00-де аяқталады.

 «Жастар» сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Конституция күніне арналған «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасы қойылады. 

Басталуы сағат 19:00-де.

 28-30 тамыз

 Конгресс-орталықта «Eurasia Fashion Week» сән көрсетілімі өтеді. Қазақстандық және шетелдік дизайнерлер алдағы жылдың көктем және жаз маусымына арналған коллекциясын таныстырады. Сән апталығы аясында дизайнерлердің шоу-румдары және EFW-тің халықаралық қонақтарынан танымдық шеберлік сағаттары өтеді деп жоспарланған. EURASIAN FASHION WEEK – Еуразиялық контитенттің сәні мен стилін ұсынатын, әлемдік деңгейдегі дизайнерлер мен сән әлеміне жаңа қадам басқан жаңа есімдерді ашатын жаңа халықаралық алаң.

 30-31 тамыз

Елорданың Қуыршақтар театрында қала тұрғындары мен қонақтары «Жалқаудың айласы» көңілді спектальін тамашалай алады. Ертегі оқиғасы спортпен шұғылданып, жол жүру ережесін үйренгісі келмейтін бала туралы баяндайды. Спектакльді 14:00-де қазақ тілінде, 12:00 және 16:00-де орыс тілінде көруге болады. Билет бағасы – 700 теңге.

 Орталық саябақта, Жетісу және Жерұйық саябақтарында балаларға арналған «Бақтың жеті ғаламаты» атты ойын-сауық бағдарламасы өтеді. Шара осымен үшінші жыл қатарынан елорданың кішкентай тұрғындары мен қонақтарын қуантатын болады. Саябақтың кішкентай қонақтарының көңілін Миньондар, Барби қуыршағы, Мадагаскар және Губка Боб және т.б. мультфильмдердің кейіпкерлері көтереді.

Тәуелсіздік сарайында «Ақанаевтар әулеті» және «Ата-заң – ел тірегі, Нұр-Сұлтан – ел жүрегі» атты екі бірдей көрме өтеді.

 31 тамыз

 Елордалық саябақтарда ашық аспан аясындағы «Fitness Park Nur-Sultan» апталық жаттығуы өтеді. Спорттан тегін жаттығу жексенбі күні 10:00-ден 12:00 аралығында Астаналық, Жетісу, Жерұйық саябақтары мен Ботаникалық бақта өтеді. Жаттығуды  CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, үстел ойындары (дойбы, шахмат) және топпен жүгіруден арнайы мамандар жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109