1213

А. Көлгінов мектеп бойында салынған асфальт сапасын тексерді

Елорда әкімі А. Көлгінов "Байқоңыр" ауданының жөнделген көшелерін аралап, №87 мектептің оқу жылына дайындығын тексерді. 

Мектеп құрылысы Байқоңыр ауданын көркейте түсті. Радищев көшесінің тұрғындары үшін асфальт төселді. Қала әкімі атап өткендей, жаңбыр кезінде су тұрғындардың үйлері мен аулаларына кірмеуі үшін ағызу жүйесін ойластыру қажет. Сондай-ақ, Морозов көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

"Оқу орны жақын маңда орналасқан № 5 және № 16 мектептеріндегі оқушылардың тым көп болуын реттейді. Мектеп инженерлік желілерге қосылған", - деді А. Көлгінов.

А. Көлгінов кейбір білім беру мекемелерінде кірме жолдармен проблемалар бар екенін, жаңа мектепте 4 кірме жолы қарастырғанын атап өтті.

Елордада барлығы 108 мектеп, 162 мың оқушы бар. 5 жыл ішінде 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. Осы оқу жылы бірінші сыныпқа 24 мың оқушы барады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109