2372

Апат айтып келмейді: құтқарушылар қауіпсіздік қағидасын сақтауды ескертеді

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Кеше 27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД құтқарушыларымен Ақбұлақ өзеніне абайсызда құлап кеткен баланың мәйіті табылғанын хабарлады. Осыған орай, ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауларын ескертеді.
«Статистикалық мәліметтерге сәйкес суда қаза болу жағдайларының 80%-ы жабдықталмаған және суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болады. Жағажайларда суға шомылу ережелерін ұмытпаған жөн. Сондықтан қауіпсіз демалыс азаматтардың суда өзін-өзі ұстау тәртібіне және «Судағы жүріс-тұрыс қағидасын» орындауына байланысты болады», - делінген хабарламада.
Жыл сайын қаланың су айдындарында 12-ден 17 адамға дейін қаза болады, оның ішінде 3-і бала мен жасөспірім. Жалпы зардап шеккендердің 60-65%-ы жас адамдар (30 жасқа дейін), 20-25% – балалар мен жасөспірімдер. Өткен жылы суға шомылу кезеңінде 19 адам суға кеткен, оның 9-ы бала.
«Арнайы жабдықталған жағажайларда, бассейндерде және құтқарушылар патрулі бар орындарда шомылған дұрыс. Дені сау, шыныққан адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың температурасы +18°С, ауа температурасы +22°С болу керек. Осындай температурада денсаулығы әлсіз адамдар мен балаларға шомылу қауіпті болып келеді», деп ескертті құтқарушылар.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Қалтқы белгіден асып кетпеңіздер, мас күйде шомылуға болмайды. Естеріңізде болсын: суда болатын қайғылы жағдайлардың 80%-ы осы себептерден болады, су айдындарына жақын жерлерде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылмаңыздар және суға сүңгімеңіздер. Шомылуға арналмаған заттарды (автокөліктердің камералары, жұқа пенопласт, пластикалық бөтелке) қолданбаңыздар. Таныс емес орындарда жалғыз суға шомылмаңыздар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109