1130

"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті

"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау үшін 3300 мектеп керек-жарақтарымен қамтылған рюкзактар сатып алуға қаражат бөлді. Бүгін бірінші 60 оқушыға рюкзактар табысталды. Қалған рюкзактар кезең-кезеңмен оқушылар сарайында берілетін болады.

"Жанұя" институтын қолдау орталығына 253 адам өтініш білдірді. Мамандар 400-ге жуық мәселені қарады. Негізінен келушілер "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім беруге, қосымша білім алуға, өз ісін ашуға, жұмысқа орналасу, балаларды балабақшаларға кезекке қою мәселелері бойынша, сондай-ақ орталық заңгерлерінің кеңестерін алды.
Мекемеде барлығы 30 маман жұмыс істейді, "бір терезе" қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
"Біз мұнда пәтер бермейміз, балаларды балабақшаларға кезекке қоймаймыз. Біз не істеу керектігін түсіндіріп, бағыт береміз. Мысалы, АӘК қатысу үшін қандай құжаттарды жинау керек, кім үміткер; қосымша білім алу үшін қайда және қалай жолығуға болады, жұмыс іздеуге көмектесеміз", - деді "ЖАНҰЯ" институтының қолдау орталығының үйлестірушісі Әйгерім Тәңірбергенова.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар мен медиаторлар бар. Мекемеде қажетті жағдайлар жасалған: балаларға арналған ойын алаңы ашылды,ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар. Сондай-ақ, мұнда "Кәсіпкер ана" атты аналарға арналған бизнесті қолдау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар орталық базасында қала әкімі, орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма және басқа да ұйымдардың басшылары азаматтарды қабылдайды. Орталық жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109