3640

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясын ашты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында жаңа №87 мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты. Асқар Мамин салтанатты рәсім барысында мектепке қазақ халқының ұлы тұлғасы, ақыны әрі ойшылы – Абай Құнанбайұлының есімінің берілуі аса құрметті әрі жауапкершілікті екенін атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев үнемі өскелең ұрпақтың Қазақстанның дамуына қосар үлесіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде білім беру жүйесінің жаңа сын-тегеуріндерге үйлесімді бейімделуі қажет екенін атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин салтанатты шарада цифрландыру мен жасанды зерденің әсерінен бүгінде жаңа мамандықтар пайда болып жатқанын атап өтті.

«Сіздердің білім деңгейлеріңіз заман сұраныстарына сай және бәсекеге қабілетті болуы керек», — деп Асқар Мамин, барлық оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Жаңа мектептің техникалық жарақтануына жәрдемдесу мақсатында «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» 3D-модельдерді зерттеуге арналған виртуалды-ғылыми секциясы бар «жасыл технологиялар» зертханасын сыйлады, оны Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ә. Назарбаева мен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев таныстырды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин интерактивті жабдықты қолдана отырып оқытудың жаңа әдістерімен танысты. Оқу сыныптарын алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтау оқушыларға болашақ мамандықтарының дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, ашылу салтанаты барысында жаңа мектепке «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» қазақстандық зауыты жаңа үлгідегі мектеп автобусын сыйға тартты.

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин жаңа мектепті аралау барысында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ашылған «Абайтану» кабинеті мен музейіне барды.

Айта кету керек, жаңа №87 мектеп-гимназиясында 900-ден астам оқушы білім алатын болады. Жалпы, биыл ҚР орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың саны 3 млн-нан асады. Жаңа оқу жылында 400 мың бала 1-сыныпқа қабылданды. Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға ҚР Үкіметінің мүшелері қатысты, олар мектептерде азаматтық пен отансүйгіштікке арналған сабақтар өткізді.

Сонымен қатар, №87 мектептің ашылу салтанатына ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов қатысты. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109