4889

А. Көлгінов ЖЭО-1 және ЖЭО-2-нің жылу маусымына дайындығын тексерді

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың жылу электр орталығының және ТМ-15 жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Сонымен, ЖЭО - 1-де котлоагрегат пен турбогенератор ауыстырылды, түтін құбырларын қайта жаңарту, негізгі және қосалқы жабдықтарды монтаждау жүргізілді. Сонымен қатар №4 ст.қазандығын қайта жаңарту және турбинаны ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

ЖЭО-2-де бас корпус пен су жылыту қазандығы кеңейтілді. Сондай-ақ №4,5 түтін құбырларының құрылысы және негізгі және қосалқы жабдықтардың монтажы орындалды. Аудандық қазандықтардың дайындығы 100 % құрайды-бұл 6 елді-мекендегі 7 қазандық. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы 95% құрайды.

Қала әкімі А. Көлгінов жылу беру маусымының басында электр орталықтары қаланы жылумен қамтамасыз етуге дайын болуы қажет екендігін және де үздіксіз қамтамасыз етулері тиіс екендігін атап өтті. Қала үшін қажетті отын қоры (көмір, мазут) дайындалды. Жылыту маусымының басталуы 5 күнтізбелік күн ішінде +10 °С (және одан төмен) орташа тәуліктік температура сақталған кезде басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109