3070

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өткізген елорданың үздік әнұраны байқауының неліктен өтпей қалғаны белгілі болды

Байқаудың не себепті кейінгі қалдырлғаны туралы қазылар алқасының төрағасы ақын Несіпбек Айтұлы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, елорданың үздік символикасы байқауының бірінші кезеңінде 100-ге тарта шығарма түскен.   
«Барлығы сол «жасасын, Астана!», «жас қала, менің мақтаным» деген сияқты жадағай болып келеді, жарқ ететіндей жаңа ой, салмақты сөз, айшықты образ таппадық. Содан кейін қайта бір көрейік деп қайтадан байқау жарияладық. Оған 68 шығарма түсті. Байқау уақытын созып, қайта қараған кезде де алдыңғыдан  өзгешелік болмады, тағы да жадағай, жаттанды сөздер», - дейді ақын. 
Қазылар алқасының құрамына композитор Серік Еркінбеков, Сәкен Әбдірахманов, ақын Серікзат Дүйсенғазин де бар.   Олардың пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласы әнұранының сөзі де, әні де ерекше, рухты, көркемдігі биік болуы шарт. 
«Егер келіп түскен шығармалардың ішінде өте сәтті, әуені де, сөзі де үйлесімді келіп тұрса шығарып жіберуге болар еді, ал, асығыста, шикілі-пісілі, талғамға жауап бермейтін, сын көтермейтін нәрсені әнұран деп тапсақ, оны халық қабылдамай сынға ұшырап  жатса, одан қазылар алқасы абырой таппайды», - деді Несіпбек Айтұлы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109