3790

Балалар жаңа спорт алаңы туралы : "Футбол алаңын армандадық"

Гете 10 көшесінде (Сарыарқа ауданы) жаңа әмбебап спорт алаңы ашылды. Жаз мезгілінде балалар мен жақын орналасқан үйлердің тұрғындары әкімдіктен ауланы абаттандыруды және футбол алаңын орнатуды сұраған болатын.
Спорт алаңы 4 зонадан тұрады: төбешіктері мен құмдары бар балалар алаңы, спорттық тренажерлер аймағы, баскетбол алаңы және футбол алаңы. Әмбебап алаңдарды орнату жобасы "Самұрық-Қазына" АҚ - ның "Менің Елім" әлеуметтік инвестиция бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Ұлдардың айтуынша, олар бұрыннан футбол алаңын армандаған, енді сабақ жасағаннан кейін футбол ойнайтын болады, ал кейбіреулері футболшы болу туралы ойлаған.

Осындай жобалар халықтың салауатты өмір салтын дамытуға және олардың бос уақытын ұйымдастыруға ықпал етеді. Жыл соңына дейін Сарыарқа ауданында 40-тан астам ауланы абаттандыру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109