1238

Елордада «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылданып жатыр

Астаналық Жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын «Еңбек»  бағдарламасына қатысып, қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өтіп, жұмысқа орналасуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдайды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан бағдарламаға қатысушыларға ай сайынғы 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы төленіп, оқу аяқталған соң біліктілігі туралы куәлік беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ жұмыссыздар100 АЕК, 29 жасқа дейінгі жастар, АӘК алатын азқамтылғандар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды тұлғалардың 200 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі бар.
Бағдарламаға қатысу үшін жеке куәлік, білімін растайтын диплом, еңбек кітапшасының түпнұсқасы мен көшірмелерін ұсыну керек.
Толық ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 25 мекен-жайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығынан біле аласыздар. Тел: +7 7172 57 89 78, 95 44 16

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109