1071

Елорда әкімі А. Көлгінов білім грантының иегерлеріне: "тек еңбек пен білімнің арқасында табысқа жетуге болады»

Білім гранттары бойынша 49 мектеп түлегі әкімдіктен әлеуметтік көмек алды. Қала әкімі А. Көлгінов студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі.

"Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Біз жастардың білім алуына жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. ҚР Президенті білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Тек еңбек пен білімнің арқасында ғана табысқа жетуге болады. Әрбір ата-ана баласының аяққа тұрып, білім алғанын қалайды. Сіздердің оқу ниетіңізге көмек ретінде біз гранттар бөлдік. Мамандық алыңыз, жұмыс істеңіз. Еңбектеніп қана табысқа жетуге болады, патерналистік көңіл-күй болмау керек. Сіздерге оқуда табыс тілеймін", - деді А. Көлгінов.

Әкім грантының иегері Тастемір Амантаев бағдарламашы мамандығын таңдады.
"Бүгін менің арманым орындалды. Мен компьютерлерді, бағдарламалық жүйелерді бұрыннан үйренемін. It-салада дамығым келеді. Бұл грант маған білім алуға үлкен мүмкіндік", - деді Т. Амантаев.

Гранттар ең қажетті мамандықтар – техникалық, педагогикалық , медициналық және туризм бойынша бөлінген.

"ЖАНҰЯ"отбасы институтының қолдау орталығында грант иегерлері мен ата-аналармен кездесу өтті. Орталық қала тұрғындарына "бір терезе" қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109