1815

Астаналықтар отбасыны сақтау тетіктерін үйреніп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында «Отбасы – мемлекеттің негізі» атты тренинг өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Тренинг Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының және «Даму» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Отбасыны сақтап қалудың қыр-сырын алғашқы болып мемлекеттік қызметшілер, жас отбасылар мен отбасын құрғалы жүрген жастар меңгерді.
«Отбасын құлдыраудан сақтап қалу үшін жанұядағы әр адам бір-біріне жылы сөйлеп, ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қарым-қатынас, тұрмыстық-экономикалық ахуал және көңіл-күй тұрақты болуы керек. Егер осылардың бірінің балансы бұзылса, отбасының құлдырауына әкеп соғуы мүмкін», – дейді психолог Ақгүл Молдабекова.
Мамандар қатысушыларға күйзелістен арылу үшін не істеу керектігін, қай автордың кітабын оқу керектігі жөнінде, сондай-ақ медициналық сауаттылық туралы кеңес берді.
«АХАТ бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, өкінішке қарай қазіргі уақытта әрбір үшінші отбасы ажырасып жатқан көрінеді. Біздің осы шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – шаңырақты шайқалтпау үшін жас отбасылардың немесе енді үйленгелі жүрген жастардың санасына психологиялық және медициналық тұрғыда жақсы әсер беру», - деді «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қызметкері Шыңғысхан Қожахметов.
Аталмыш тренинг тамыз айында өткізілген.
«Бүгінгі тренингке алдындағыға қарағанда қатысушылар саны көбірек. Айта кету керек, мұнда тек жастар ғана емес, орта жастағы ересек адамдар да қатысып отыр. Жалпы, бұл тренинг отбасы құндылығын сақтауда өте пайдалы болады деген сенімдеміз», - деп қосты ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109