2163

Елордалық төтенше жағдайлар департаментінде шомылу маусымы қорытындыланды

Астаналық ТЖД өкілдері суға шомылу маусымының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары судағы 15 қайғылы оқиғаның алдын алды. Жыл басынан бері елорда аумағындағы су қоймаларында 18 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар. 2018 жылы 19 адам суға кетті, оның тоғызы - бала.
«Суға кетудің 70% адамдардың мас күйінде шомылуынан болғанын көрсетіп отыр. Қауіпсіз демалыс бірінші кезекте адамның мәдениеті мен ұқыптылығына байланысты. Өз еркімен құтқаруға атсалысқан азаматтардың арқасында 15 қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды», - деді ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Эльдор Райымбеков.
Барлық қайғылы оқиғалар шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алған.
Райымбековтың айтуынша, елорда аумағында 23 шомылу орны бар, оның 20-ы рұқсат етілмеген.
«Күн сайын 15 құтқарушы-сүңгуір мен 10 жүзу техникасы кезекшілік атқарды. Біз бес қоғамдық қауіпсіздік және бір медициналық пост ұйымдастырып, 300 балаға жүзуді үйреттік», - деді ол.
ТЖД ақпаратына сәйкес, биылғы маусымда 31 адам рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбіне ішімдік ішкені үшін айыппұл тағылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109