2526

А. Көлгінов елорда тұрғындарын Astana marathon - 2019 қатысуға шақырды

Елордада "Qazaqstan Jastar Fest"фестивалі басталды. Іс-шара елордалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерін спорттың 9 түрінен: арқан тарту, асық ату, гір спорты, армрестлинг, грэпплинг, мини-футбол, bicycle motoxtreme және стритбол бойынша сынап көрді.

"Qazaqstan Jastar Fest фестивалі Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында өтіп жатыр. ҚР Президенті халыққа Жолдауында азаматтарды спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аулада спортпен шұғылданғаннан басталады. Алдымен балалар аулада, мектепте жаттығады. Сосын барып спортпен кәсіби түрде айналыса бастайды және чемпион атанады. Бұқаралық спортты дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылуда: жаңа саябақтар, жаңа спорт кешендері салынуда. Тұтас спорттық кластер пайда болды. Біз жұмысты одан әрі жалғастырамыз", - деді А. Көлгінов.

Қала әкімі жастарды спортпен айналысуға және 8 қыркүйекте өтетін Astana marathon-2019 қатысуға шақырды. Мәдениет және спорт министрі А. Раимқұлова "Qazaqstan Jastar Fest" фестивалі елордада бастау алып, еліміздің барлық аймақтарында өтетінін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109