8254

«Astana Marathon-2019» кезінде елордада бірқатар көше уақытша жабылады

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019»халықаралық марафоны өтеді. Марафонның өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелерде қатынауға шектеу қойылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Марафон таңертең сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін өтеді. Осы аралықта кейбір көшелер толықтай, ал кейбірі жартылай жабылады. Жарыс екі қашықтықтан – 10 және 42,2 шақырымнан тұрады.
10 шақырымдық бағдар Рысқұлов көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – Орынбор көшесі – Мәңгілік ел – Рысқұлов көшелері арқылы ұйымдастырылады.
42,2 шақырым қашықтықтағы бағдар келесі көшелер мен даңғылдар арқылы болады: Рысқұлов– Қабанбай батыр - Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов - Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Сарыкөл – Байтұрсынов –Қошқарбаев – Жұмабаев - Момышұлы – Абылай хан –Жұмабаев – Қошқарбаев – Мәңгілік ел – Қонаев – кіші Қабанбай батыр – Достық – Мәңгілік ел – Рыскұлов.
Осыған орай Рысқұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы толық жабылады. Қалған көшелерде жартылай шектеу енгізіледі.
Бұған қоса №№ 21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107 10 автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Тағы 56 бағдардың қозғалысы өзгереді. Олар №№ 2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық көлікте қатынау уақыты мен бағдарын уақытша шектеу енгізілген және жабылған көшелерді айналып өтетіндей етіп алдын-ала жоспарлап алуларын сұраймыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109