1090

Астанада күрестен әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионының ұйымдастырушылары әлем біріншілігінің жүлдегерлеріне табысталатын медальдың дизайнын таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Чемпионаттың ұйымдастырушылары дөңгелек пішіндес қалыпты дизайннан бас тартып, медальдың үш бұрышты түрін таңдаған. Бұл форма күрестің үш түрінен Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) аясында өтетін әлем чемпионатының бірлігі мен тұрақтылығын суреттейді.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбайдың айтуынша, медальдің бетінде біріншіліктің логотипі мен астанамыздың символы - "Бәйтерек" салынған. Ал логотипті толықтырып тұрған доғал сызықтар күрес әдісін сипаттайды. Ал медальдың екінші бетінде күрестен әлем чемпионатының символы - қар барысы бейнеленген.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл дүбірлі додада Токио Олимпиадасына іріктеу басталады. «Барыс Аренада» өтетін жарыста Олимпиада лицензиясы үшін әлемнің 100 елінен 1002 балуан таласқа түседі. Билеттер Kassir.kz, Ticketon.kz и Zakazbiletov.kz сайттарынан алуға болады. Бағасы - 1000 теңгенің көлемінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109