1665

Астанада Отбасы күні қалай тойланады

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Күздің бірінші айының екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні тойланады. Биылғы жылы қазақстандықтар оны 8 қыркүйекте атап өтетін болады. Дәстүр бойынша, ең алдымен, отбасылық құндылықтарды мен неке мәртебесін  нығайту бағытында аталмыш күн қарсаңында елордада көптеген іс-шаралар жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Бұл күндері Астана кітапханаларында "Отбасы – Өнеге айнасы" атты кітап көрмесі, оқушылар сарайында "Менің Отбасым" атты фотокөрме, ал қалалық емханаларда – Ашық есік күні өткізіледі.
Бүгін, 6 қыркүйекте қаланың барлық мектептерінде "Отбасы – Бақыт мекені" сынып сағаттары, сондай-ақ отбасы тақырыбында шығармалар мен эссе байқауы өткізілмек.
Сонымен қатар осы күні «Ұрпақ тәрбиесіндегі отбаслық құндылықтар» тақырыбында «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының 3-ші маусымының ашылуында жоспарланған. Шара жақында ашылған "Жанұя"орталығында өтетін болады. Мұнда бір-бірінен бөлек тұратын ата-аналар үшін психологиялық консультациялар (сотқа дейінгі реттеу) ұйымдастырылады. Осы уақытта Сарыарқа ауданының АХАТ бөлімінде 55 және одан да көп жыл некеде тұрған ерлі-зайыптылар құрметке ие болмақ. Елордалық балалар үйінде бұл күні бір немесе бірнеше балаға аз болады, өйткені мұнда жаңа патронаттық отбасы құрылатын болады. Ал №3 Перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерді салтанатты түрде тіркеу жүргізіледі.
Сонымен қатар бүгін және ертең М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайының қызметкерлері арасында отбасылық фотосуреттер фестивалі өтуде.
7 қыркүйекте «Қазақстан» ОКЗ еліміздің Тұңғыш Президенті бекіткен «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Келесі күні "Жастар" сарайында «Денсаулық қалашығы» бастау алып, акция аясында аниматорлар мен қуыршақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама, сондай-ақ отбасылық сайыс өткізіледі.
10 қыркүйекте «Жанұя» орталығында әйелдер көшбасшылығы мектебі, сонымен қатар мамандар учаскелік инспекторларға арналған семинар-тренинг өткізеді. Күндіз № 2 өнер мектебі «Біз бақытты отбасы балаларымыз» атты концерттік бағдарламаға шақырады.
13 қыркүйекте Бурабай кентінде республикалық әкелер форумы, ал «Жанұя» орталығында «Отбасылық құндылықтар. Гендерлік мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына үздік билборд эскизіне байқау өткізіледі..
Күндіз қаланың бірнеше мектептерінде «Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя» отбасылық эстафетасы өтеді.
21 қыркүйекте қаланың оқу орындарында Отбасы тәрбиесі туралы психологиялық тренинг, ал 30 қыркүйекте балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109