1976

Алматы облысы Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 48-ден астам өнім түрлерін ұсынады

Осы демалыс күндері, 7 және 8 қыркүйекте, «Хан Шатыр» СОО алаңында Алматы облысы тауар өндірушілерінің кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін болады. Оған 17 аудан, 3 қала мен «Жетісу» ӘКК қатысады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

Жәрмеңке екі күн бойы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Аталып өткендей, әрбір аудан мен қалаға сауда орындары мен үстелдер бөлініп, кіре берісте Алматы облысының аркасы орнатылады.
Өңір тауар өндірушілері елордаға 48-ден астам өнім түрін әкелмек. Өткізу жоспарланған тауар көлемі 330,9 тоннаны құрайды, сомасы 163,0 млн.теңге.
Оның ішінде: ет өнімдері – 32,9 тонна, көкөніс - 105,1 тонна, картоп – 39,1 тонна, жеміс - 32,2 тонна, сүт өнімдері - 14,5 тонна, балық өнімдері - 15,7 тонна, бал - 0,5 тонна және өзге де тауарлар-88,5 тонна.
Барлық өнім санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай болады,сонымен қатар сатушыларда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болады.
Сондай-ақ жәрмеңке аумағында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымдары өнер көрсететін мәдени бағдарлама ұйымдастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109