4659

Елорда әкімдігінде iKOMEK109 деректері негізінде ПИК пен лифт ұйымдары жұмысының проблемалы мәселелері талқыланды

Елордалық әкімдікте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Оксана Ибраеваның төрағалығымен ПИК пен лифт ұйымдары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті.Қатысушылар тұрғын үй кешендерінің тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты KOMEK109 қалалық орталығына келіп түсетін астаналықтардың өтініштері мен шағымдарын және олардың орындалу барысын талқылады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты.

Жұмыс топтарының апта сайынғы отырыстарының қорытындыларымен танысуды ұсынамыз:


✅ Тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері бойынша жүйелі проблемалы мәселелер 27.08.19 ж. мен 3.09.19 жыл аралығындағы кезеңде өткен аптамен салыстырғанда 10%-ға артты.


✅Қаланың тұрғын үй қорына қызмет көрсететін сервистік кәсіпорындар тәртібі:
Қазіргі таңда регламентті мерзімді бұзуға байланысты Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары бойынша 69 жағдаят бар.
Байқоңыр ауданында – шешу мерзімі кешіктірілген жағдаят жоқ.


✅ «Қасбеттердің күйі және жосықсыз ПИК – «Тұрмыс» ЖШС:
Ағымдағы жылдың басынан бері iKOMEK109 орталығына 03 қыркүйектегі дерек бойынша, КПТҮ қасбеттерінің қанағаттанарлықсыз күйіне байланысты 641 шағым келіп түсті, оның ішінде 448 өтінім қаптайтын тақтайлардың құлауына, салбырауына және сыртқы қабатты қалпына келтіруге байланысты келіп түсті.
Өткен екі отырыста Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 25/1 үй мекенжайы бойынша «Тұрмыс» ЖШС-ына қасбеттердің қанағаттанарлықсыз күйі мәселесі жеткізілді, бүгінгі таңда аталмыш мәселе шешілген жоқ», - деп баяндады iKOMEK109 басшысының орынбасары Дина Темірғалиева.


✅Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасына сүйене отырып, тұрғындарды хабардар етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады, атап айтқанда тұрғындардың жосықсыз ПИК-терді ауыстыруы туралы мәселені бастама етіп көтеретін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109