7066

ASTANA MARATHON 2019 ЕКІ ҚАШЫҚТЫҒЫНА ДА ТІРКЕУ АЯҚТАЛДЫ

8 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2019 жарысына қатысуға тіркелушілер саны ұйымдастырушылар күткен көрсеткіштен асып кетті. Бүгінгі күні 5000-нан астам қатысушы тіркелді, осыған орай марафонға қатысуға өтінім қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұрынғы жылдары марафоншылар саны мұндай көрсеткішке жетпеген болатын. «Astana Marathon 2019» жарысына қатысатын мемлекеттердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Биылғы жарысқа 27 мемлекеттің желаяқтары қатысады, ол марафон тарихындағы рекорд болып отыр. Марафонға тіркелген ең ересек желаяқтың жасы - 76-да, ал ең жасы - 18-де.
Еске сала кетейік, «Astana Marathon 2019» 8 қыркүйек күні 10 және 42,2 шақырым қашықтықта өтеді. Оған Австралия, Австрия, Бельгия, Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Италия, Кения, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппины, Польша, Румыния, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Түркия, Украина, БАӘ, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбектсан, сондай-ақ Қазақстанның 38 қаласының өкілдері қатысады.
Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те қатысады. Бұған қоса мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері де тіркелді.
Бүгінгі күні 42 шақырымдық қашықтыққа тіркелгендердің - 87,5% ерлер, 12,5% - әйелдер. 10 шақырымдық қашықтыққа тіркелгендердің 58% бен 42% ерлер мен әйелдер құрап отыр. Қатысушының ең жасы - 18-де, ал ересегі - 76 жаста.
Желаяқтарға әрбір 5-ші шақырымдық белгіде су мен банан берілетінін еске саламыз. 42,2 шақырымдық қашықтыққа жүгіретіндерге изотоникалық сусын және гель ұсынылады.
Astana Marathon 2019 бағдары Бейбітшілік және келісім сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті, Бәйтерек, Назарбаев Университеті, Асана Арена сияқты қаланың айшықты жерлері көрінетіндей етіп ұйымдастырылған.
10 шақырымды бірінші болып жүгіріп келген желаяқ 30 мың теңге ақшалай сыйлыққа және «Эйр Астана» әуе компаниясының кез келген бағдарына эконом санаттағы екі бағыттына билетке ие болады, екінші орын үшін – 25 мың теңге, үшінші орынға – 20 мың теңге.
42 шақырымдық қашықтықта бірнеше санат қарастырылған: абсолют – 18-ден 39-ға дейін, 40-49, 50-59, 60-69, 70 және одан жоғары жас.
Абсолют санатындағы жеңімпазды миллион теңге мен және «Эйр Астана» әуекомпаниясының кез келген бағдарына эконом санаттағы екі бағыттының билеті, екінші орын үшін 500 мың теңге, үшінші орын үшін 250 мың теңге көзделген.
Басқа санаттарда бірінші болып жүгіріп келген жеңімпаздар 55 мың теңге, екінші орынға ие болғандар 45 мың теңге, ал үшінші орын иелері 35 мың теңге жүлде алады.
Марафон 8 қыркүйек күні сағат 08.00-де басталады, ұйымдастырушылар қатысушыларды мәре орнына сағат 06.45 кезінде жиналуды сұрайды. Себебі, осы уақытта марафон өтетін жолдарға толық немесе жартылай шектеу қойылады. Жиналу орны Рысқұлов көшесі мен Түркістан көшесі, 2 қиылысындағы Р5 тұрағы (ЭКСПО көрме кешеніне қарама-қарсы).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109