3209

Елорда мектептерінің күзеті күшейтіледі - Ануар Жанғозин

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин қырағылығы үшін №83 мектептің қызметкері Любовь Шаукалованы  марапаттады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Любовь Шаукалова кеше 5 қыркүйек күні №83 мектептің ауласында студент қызды зорламақ болған жәбірлеушіні ұстап, қайғының алдын алған болатын.
Мектеп шаруашылығының қызметкерін марапаттаған Білім басқармасының басшысы оның қырағылығы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
«Ол мектепте, білім беру ұйымында істейтін адам ретінде өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Біз мектепте осындай адамдардың жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Бұл барлық мектептерге үлгі, қайда және кім болып жұмыс істесең де, балалардың өмірі үшін жауаптысың», - деді Жанғозин.
Фото автора/Elorda Aqparat
Любовь Шаукалованың айтуынша, оның орында болса кез келген адам солай істер еді.
«Мен сол уақытта керек жерден табылдым. Керемет ештеңе істеген жоқпын. Өзімді батыр санамаймын», - деді ол.
Бүгінде ата-аналар мектеп басшылығына қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрап, өтініш жазған.
«Біз мектеп күзеттерін күшейтеміз. Мүмкін, бекеттер санын көбейтетін шығармыз. Мектеп директорларымен кездесіп, мәселені талқылаймыз», - деді Ануар Жанғозин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109