2380

Елордада «Денсаулық фестивалі-2019» акциясы өтті

Салауатты өмір салтын ұстанатын елордалықтар «Денсаулық фестивалі - 2019» шарасына жиналды, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты.

Денсаулық марафонына шамамен 2000 адам қатысты.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, шара халық арасында дұрыс тамақтану, денсаулыққа зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстануды кеңінен насихаттау үшін ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль фитнес жаттығулары мен бимен басталды. Эстрада жұлдыздары елорда тұрғындарына өнер көрсетсе, ал жаттықтырушылар скандинавиялық серуендеу және йогадан шеберлік сабақтарын өткізді.

Белсенді қала тұрғындары топ-топқа бөлініп, 1500 метр қашықтыққа жүгіру, қол күресінен жарысқа түсіп, елорданың «Есіл», «Байқоңыр», «Алматы» аудандары тимбилдингтен ең мықтыны анықтады. Нәтижесінде «Есіл» ауданының командасы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, акция аясында «Медицина аумағы» да халыққа қызмет көрсетті. Қалаған адам түрлі медициналық тексерулерден өтіп, дәрігерлердің кеңесін тегін алды.

Жарыс соңында фестивальдің ең белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталды. Жаңбыр мен күннің салқындығына қарамастан, елорда тұрғындары фестивальдің соңына дейін қалып, мұндай шаралардың халық үшін қызықты әрі пайдалы екенін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109