2412

Елорда тұрғындары City manager жобасы аясында өз аулаларындағы мәселелерді шешуге атсалысуда

2019 жылдың маусымынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында «City manager» бірегей пилоттық жобасы өз жұмысын бастады. Аталмыш жоба жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы қала өміріндегі өзекті мәселелерді шешуде қоғамды тартуға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаны қалалық Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр.

Мұндағы ерекшелік – қордаланған мәселелерді байқап, тіркеп жүретін ситименеджер қызметін қаланың қарапайым, белсенді тұрғындары атқарады. Жоба әзірге Сарыарқа ауданы аумағында пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Жобаның арқасында бір айдың ішінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Мәселен, алдағы айға жұмыс жоспары жасалып, тұрғындармен, мердігерлік және қызмет көрсету ұйымдарымен диалогтық алаңдар құрылды. Өзекті мәселелерді нақтылап, шешімін табу үшін аудан әкімімен бірнеше кездесулер де өткізілді.  Сити-менеджерлер күн сайын өзіне қарасты аудандарды бақылап, әкімшілік құқықбұзушылықтар мен мердігерлік және қызмет көрсететін ұйымдардың салғырттығы мен сапасыз қызметтерін тіркеп, аулалардың тазалығын  тексереді.

«Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналатынын айтты. Осы жобаны жүзеге асыруға қала тұрғындары қатысады. Олар өздері тұрып жатқан ауданның проблемаларын тауып қана қоймай, билік өкілдеріне шешу жолдарын ұсынады», - деп атап өтті «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қорының директоры Олжас Искақов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109