937

"Іргетасы да қаланбаған" - үлескерлер елорданың проблемалық ТК туралы

Кешкі аралау кезінде қала әкімі А. Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын аралады. Іргетасы қаланбаған ЖК "Самал"-дың 40-тан астам үлескері бар. Жоба бойынша үй екі жеті қабатты мұнарадан тұрады. Тұрғындардың қолында тек үй құжаттары ғана бар.

"Бес жыл бұрын пәтерді сатып алдық. Көбі жүз пайызын төледі. Қазіргі таңда үйдің іргетасы да жоқ, тіпті шұңқыр қазылмаған", - деді үй үлескерлері.

Қала әкімі А. Көлгінов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін уақыт қажет екенін атап өтті.

"Алдымен инвестор үшін қаржылық модельді қарастыру керек. Құрылыс салушыға объект тартымды болуы тиіс. Құрылыс жобасыз басталмайды. Сондай-ақ құрылысшының жауапкершілігі мол болуы керек. Жұмысты аяғына дейін жеткізу керек. Егер финмодельден кейін нысан тиімсіз болса, онда үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС қатысуымен салынатын болады", - деді А. Көлгінов.

Аралаудағы келесі нысан 2014 жылы проблемалық деп танылған "Тельман Парк" ТК болды. Үлескерлердің айтуынша, ғимараттың тікелей инвесторы кім екенін біле алмаған, пәтер үшін төленген қаражатты қайтаруды сұрайды. ТК "Тельман" инвесторларымен және үлескерлерімен қосымша кездесу ұйымдастырылатын болады. Қалада барлығы 51 құрылысы аяқталмаған объект бар. Жыл соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109