2398

Вирустық менингит толықтай жазылады- инфекционист

Елордалық балабақшаның бірінде балалардың вирустық менингит жұқтырған екі жағдайы тіркелді. Осы себептен дәрігерлер өз бетімен ем жасамай,  алдын алу шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.  Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас инфекционист- дәрігері,  медицина ғылымдарының докторы,  профессор,  Астана Медициналық университетінің балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі Данагүл Баешева инфекциялық аурулардың белгілері мен сірлі менингиттің қаншалықты қауіпті екенін айтып берді,  деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Инфекционист-дәрігердің айтуынша, инфекциялық аурулар мерзімге қарай таралады. Мәселен,  жаз бен күздің басы энтеровирустық инфекциялардың таралуына қолайлы кезең.     Олардың 85%-ы адам бойында ешбір белгі бермейді.  Вирус екі жолмен жұғады: ауа және тамақ арқылы. 

"Вирустар 50 градустан асқан температурада жойылады,  алайда бірнеше рет қатырғанның өзіне де шыдай береді,  ал +4+6 градуста және суда ұзақ сақталады. Олар ультракүлгін сәуленің әсерінен,  кептіргенде және қайнатқанда жойылады", - дейді Данагүл Баешева.

Дәрігердің айтуынша, вирустық инфекцияларды көбіне 3-10 жас аралығындағы балалар жұқтырады. Вирус ауа арқылы да, тамақ арқылы да жұққандықтан, кейде жедел респираторлық-вирустық инфекция болмаса өткір жұқпалы ішек аурулары сияқты өтуі мүмкін,  тек ұзағырақ қалтырап,  қызу көтеріледі. Сондай-ақ, бұл кезде мидың жұмсақ қабығы да қосылып,  сірлі менингитке әкелуі мүмкін.

"Энтеровирустық менингит бактерияларға қарағанда қатерсіз,  одан адам толықтай жазылып кетеді",-дейді инфекционист маман.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109