2311

Нұр-Сұлтанда «жасыл» технологияларды дайындау стартаптары бойынша байқау өз мәресіне жетті

Seedspace Nur-Sultan алаңында «жасыл» технологиялардың Startup weekend: GreenTech инновациялық байқауы аяқталды. Жарысқа қатысуға ниет білдірген 75 жобаның арасынан ақтық сынға 12 команда шығып, үшеуі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры дайындаған арнайы сыйлық 500 мың теңгені «Экокорм» жобасы жеңіп алды.
Ал, Hydro Plat жобасы “Astana Innovations” АҚ-нан 300 мың теңгелік сертификат және Seedspace Nur-Sultan алаңында «Investment Readiness Program» бойынша бір ай тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.
Желмагниттік турбинасы жобасын дайындаған команда да осы бағдарлама бойынша тегін оқуға мүмкіндік алды. Команда қатысушылары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-ның арнайы сыйлығы мен 200 мың теңгелік сертификатты иеленді.
Шараның серіктесі Seedstars халықаралық бизнес-акселаторы елорданың инновациялық экожүйесін қолдау үшін Investment Readiness Program бағдарламасымен оқу үшін қосымша 3 орын бөліп, жас өнертапқыштарды қуантты.
Байқауға қатысушылар жеке секторды жылыту жүйелері, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, ағынды суларды тазарту және қайта қолдану мәселелері, тұрғынүй және өндірістік ғимараттарда қолданылатын энергия шығынын азайту, СО2-ні сақтау, көлік құралдарынан шығатын газды азайту, энергияның балама көздері, көшелерді жарықтандыру бойынша өз жобаларын ұсынды.
Ауқымды шараны «Астана Innovations» АҚ «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» мен «Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының» қолдауымен ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109