2578

Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

Кітапқа жаны құмарларға жағымды жаңалық. Елордада буккроссингтің жаңа орындары ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Яғни, бұл кітаптарды алмастыратын орын. Мәселен, сіз бұрын оқыған кітабыңызды алып, ашық буккроссинг-аймағына апарасыз. Ондағы кітап сөресіне оқылған кітабыңызды қойып, сіз оқымаған  кітаптарды алуыңызға болады. Ақысыз.

Буккроссинг-аймақтары адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары мен қоғамдық жерлерде орнатылады.

Кітап алмастыратын  әр алаңға «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  отандық және шетелдік классиктердің есімі беріледі.

11 қыркүйек күні елордадағы Қазақ бизнес және технология университетінде жобаның ашылу салтанаты өтеді. Шараға белгілі жазушылар қатысып, жастардың кітапқа деген ынтасын арттыру үшін кездесулер өткізіледі.

Еліміздегі алғашқы буккроссинг-аймағы Талдықорған қаласында ашылған болатын.  Алда республика бойынша  17 кітап алмастыру шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Жобаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және «Social Development Center» ҚҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы арқасында жүзеге асырмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109