2854

Елордадағы бірқатар қалалық медицина ұйымдарына Байқау кеңесі мүшелерін іріктеу басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы бірнеше медициналық ұйымдарға Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғанын жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Байқау кеңесінің мүшелері келесі медициналық ұйымдарға іріктеледі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» МКК.
Байқау кеңесі медициналық ұйымға басшылық етіп, жұмысын үйлестіреді әрі ұйымның мүддесін қорғаумен айналысады. Сонымен қатар, жұмыс нәтижелі болып, жыл соңында ұйымның қаржылық- шаруашылық қызметі оң көрсеткішке ие болған жағдайда байқау кеңесі мүшелері қаржылай сыйақы алатын болады.
Кеңес құрамына кіруге үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білімнің болуы, денсаулық сақтау немесе экономика/қаржы, бизнес не құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің не 3 жыл басшылық қызметте тәжірибесі болуы керек.
Кеңес мүшесі сотталу мерзімі өтелмеген не алынбаған, банкрот деп танылғанына бір жыл мерзім өтпеген заңды тұлғаның басшылық қызметінде болмауы тиіс. Сондай-ақ, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Үміткерлерді іріктеу байқауы 9 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін формада жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін формада жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотталмаған және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109