7559

Нұр-Сұлтан қаласында жастарға жалға берілетін баспана бойынша құжаттарды қабылдау қараша айынан электронды түрде жүргізіледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында жастарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында арзан бағада жалға баспаналар беру мәселесін қозғап, тиісті тапсырмалар берген болатын. Бүгінде жағдай қалай өрбіп жатқаны туралы үш қаланың өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 245 мыңнан аса жас азамат бар. Осы бағдарламаға сәйкес жыл соңына дейін жастарға 1050 пәтер беру қарастырылған. Дәл қазіргі уақытта осы пәтерлердің конкурстық құжаттары дайындалып жатыр. Жоспар бойынша қараша айынан бастап құжаттар қабылданады. Ол үшін арнайы бір жерге барып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Құжаттарды қабылдау Smart Astana платформасында толығымен электронды түрде өтеді. Оны уақыты жақындағанда тағы да хабардар етеміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Осыдан кейін байланысқа шыққан Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сейділдаев бейнебайланысқа шығып жағдайды қысқаша түсіндіріп берді.

«Бүгінде аталған бағдарлама бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Біз де оны электронды түрде дайындап жатырмыз. Қыркүйек айының соңында Тұрғын үй басқармасының сайтында жариялаймыз. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Электронды цифрлы қолтаңба кілті арқылы сайтта қабылдаймыз», - деді Айбек Сейділдаев.

Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек бұл бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды былайша түсіндіріп берді.

«Шымкент қаласында 260 мыңнан астам жас бар. Бұл бағдарламаға ниет білдіріп жатқандар өте көп. Қазір құрылысы басталып кетті. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Біз де қараша айында әкімдік сайтында хабарландыру беретін боламыз. Қажет мәліметтің де бәрі сайтымызда көрсетіледі. Дайындық толық жүріп жатыр», - деп қысқа қайырды Нұрсадық Ергешбек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109