1942

А. Көлгінов-полиция департаментіне: "ТК-дегі қосарланған сату фактісі бойынша шара қолданыңыз»

"Семейный" ТК-ні кешкі уақытта аралау кезінде қала әкімі А. Көлгінов полиция департаментіне пәтерлерді қосарланған сату фактісі бойынша тексеріп, шаралар қолдануды тапсырды.  Сондай-ақ құрылыс салушының дедлайнды орындамағанын атап өтті.

"Құрылыс салушы мерзімін атады, бірақ құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған. Енді сенім жоқ. Алда қыс, жылыту маусымына дейін үй жылу, электр, сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылыс салушы құрылыс жұмыстарының мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Үйді аяқтау және инженерлік желілерге қосу жөніндегі жұмысқа барлық жауапты құрылымдарды қосамыз. Бірақ объектідегі жұмыстарды құрылыс салушының өзі аяқтайды, бұл оның тікелей міндеті", - деді А. Көлгінов.

ТК "Семейный" үлескерлерінің саны 190 адам. Әкім соңғы рет келген сәттен бастап үйдің жылуы, ғимараттың қасбетін нығайту, кіреберістердегі әрлеу жұмыстары басталды. Алайда, паркинг бойынша мәселелер әлі де шешімін таппаған. Тұрғындардың тағы бір проблемалық мәселесі-қоғамдық көлік және аялдама. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Қалада барлығы 51 құрылысы аяқталмаған нысан бар, бұл 76 үй. Жыл соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109