БЖТ төлемін «Smart Astana» мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады
Енді бірыңғай жиынтық төлемді үйден шықпай-ақ, «Smart Astana» мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Smart Astana» қосымшасының жаңа мүмкіндіктері жайлы «Астана Innovations» баспасөз-хатшысы Әсел Әлімханова хабарлады.
БЖТ-ні төлеу үшін «менің төлемдерім» бөліміне кіріп, «бірыңғай жиынтық төлем» бастырмасын таңдап, ЖСН-ді енгізесіз.
Қосымшада 70-тен астам сервис пен қызмет қамтылған. Мәселен, ол арқылы дәрігердің қабылдауына жазылып, оны үйге шақырта аласыз. Өзіңіздің салықтық мәртебеңізді біліп, еңбекке жарамсыздық парағын тексеруге де болады. Тіпті, коммуналдық төлемдерді өтеу мүмкіндігі де бар. Жақында қайырымдылық ұйымдардың краудфандингтік платформасы да іске қосылды. Енді қалаған адам қайырымдылық жобасына тез әрі қауіпсіз түрде еш алаңсыз көмектесе алады.
Сонымен қатар, жуырда Нұр-Сұлтанда қалалық даму акселераторы іске қосылды. Жоба 100 күнге созылады. Бағыттардың әрқайсысы бойынша тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, шешімін де ұсына алады.
«Яғни тұрғындар әкімдікпен бірге қала тіршілігіне қатысты түйткілді мәселелерді бірге шешеді. Қосымшаға кіріп, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер, елорда тынысына немқұрайлы қарамайық», - дейді Әсел Әлімханова.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz