1549

Елордада "Территория комфорта-1" проблемалық нысанын бұзу басталды

Қала әкімі А. Көлгінов "Территория комфорта - 1" ТК-де болды. Тұрғын үй кешені 2004 жылы тұрғызыла бастады. Техникалық тексеру ғимараттың апатты екенін көрсетті.  "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жөніндегі жобаның жетекшісі Алиакбар Үмбеталиннің айтуынша, бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын пайдаланған. 

"№500 марканың орнына құрылыс салушы № 250 пайдаланды. Бұл құрылым тұрғын үйлерді салу үшін қолайлы емес. Арматураның түйіскен жерлерінде байламдар жоқ, ал кей жерлерінде қалау торынан байламдар пайдаланылған. Егер мұндай үйді пайдалануға енгізсе, онда үйдің бір бөлігі техникалық нормаларға сәйкес болмағандықтан бірден құлайды", - деді А. Үмбеталин.

Қала әкімі А. Көлгінов бірінші кезектегі міндет - тұрғындарға кілттерді беру екенін атап өтті. Жалпы үлескерлер саны-500 адам.

"Бастысы инвестор табылды. Егер басқа проблемалық нысандардың ең болмағанда іргетасы қаланса, бұл жерде барлығын бұзып, құрылысты қайта бастау қажет. Инвестор үшін жоба рентабельді, учаске қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. Қазір барлығымыз бірге жұмыс істеуіміз керек. Құжаттама бойынша біз көмектесеміз", - деді А. Көлгінов.

Аталмыш ТК блоктарын бұзу ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Қалада барлығы 51 аяқталмаған объект (76 үй) бар. Құрылыс процесін Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайтын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109