2987

Елордада менингитпен ауырғандардың жағдайы туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы айтып берді

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға вирустық менингиттің ерекшелігі мен оның менингококты инфекциядан айырмашылығын түсіндіріп беру үшін арнайы брифинг өткізді. Онда аурудың алдын-алу шаралары туралы да айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада менингитпен ауырған науқастың жағдайы туралы ана мен бала денсаулығын сақтау саласына жауапты Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Ембергенова айтып берді.

«Менингит екі түрге бөлінеді, әдетте вирустық инфекциядан туындайтын сірлі менингит жеңілірек өтіп, науқас одан толықтай айығады. Сондай-ақ, бактериялардың әсерінен туындайтын іріңді менингит те болады. Оның салдары анағұрлым қиынырақ», - дейді  Мағрипа Ембергенова.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 8 айында Нұр-Сұлтан қаласында  вирустық менингитпен 240 адам ауырған, ал бактериялық менингиттің 7 жағдайы тіркелген. Осы уақыт аралығында сірлі менингит асқынып, адам өліміне әкелген жоқ. Жалпы, энтеровирустық инфекция - бұл жыл сайын тіркелетін маусымдық ауру. Халық санының өсуіне және ауру үшін қолайлы кезеңге қарамастан, оның көрсеткіштері тұрақты. Осыған байланысты, қаладағы ешбір нысанда шектеу шаралары енгізілмейді, ауру маусымы  қарашаға дейін жалғасады », - деді ол.

Астана медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Динагүл Баешева менингиттің белгілері, аурудың ағымы туралы айтып берді.

«Менингит ЖРВИ клиникасын бере алады (жөтел, қызудың көтерілуі,  мұрынның бітелуі), бұлшық еттерде, іште ауырсыну сезімі болуы мүмкін, ол көбінесе аппендицит белгілерін беріп, мидың жұмсақ қабығы да қосылуы мүмкін. Менингит кезінде тамақ ісіп, дене бөртуі мүмкін. Бөртпенің өзіне тән ерекшелігі болады: 3-4-ші күні бір уақытта аяқ, қол, дене, бетте (әрқашан емес) пайда болып, 2-3 күннен кейін кетіп қалады. Бұл аурудың маусымы - жаз және күз мерзімі. Жұқтыру мерзімі 2 күннен бір айға дейін созылады. Орташа алғанда 1-2 апта. Содан кейін ауру клиникасы дамиды», - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, балалар үшін қауіпті негізгі инфекция көзі - субұрқақтар (жас балалар ойнап жүргенде суды жұтып, инфекцияны жұқтырады) мен жуылмаған көкөністер, жидектер мен жемістер.

«Мәселен, ересектер инфекцияны жұқтырып, өздері байқамай жүре береді, ал балалар тез ауырады, әсіресе баланың иммундық жүйесіне қарай 10-12 жасқа дейінгі балар көп аурады», - деп толықтырды профессор.

Дәрігерлердің пікірінше, бірінші кезекте ата-аналар мұқият болып,  жауапкершілікпен қарау керек, егер бала толық  емделмеген болса, оны үйде толықтай емдеп, мектепке немесе балабақшаға жібермеген  жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109