3937

Нұр-Сұлтанда ауқымды кітап алмастыру акциясы басталды

Қазақ  технология және бизнес университетінде ауқымды республикалық кітап ауыстыру акциясының ашылуы өтті. Елордада бірнеше буккроссинг орындары пайда болды, - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Акция арнайы Жастар жылында Social Development Center қоғамдық қорымен жүзеге асырылуда.

Мамандар ел бойынша 17 қаланың жоғары оқу орындары мен сауда орталықтарында барлығы 57 кітап сөресін қоймақ.

«Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғановтың айтуынша, елордада мұндай сөрелер Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ технология және бизнес университетінде, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығында, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, «Жастар» сарайында және ҚР Кәсіподақтар федерациясында орналасқан.  

 «Жалпы буккроссинг ұғымы ол әлемдік тренд, әсіресе Еуропа елдеріне барсаңыз, қоғамдық орындарда буккроссинг алаңын көптеп кездестіресіз. Оның ішінде автобус және метро аялдамаларында. Оның ережесі бойынша кез келген адам қалаған кітабын алып оқиды да қайта орнына қойып қояды. Кітаптар елден елге, қаладан қалаға саяхат жасайды. Сондай мүмкіндік міне елордалықтар да бар»,- дейді «Social Development Center» қоғамдық бірлестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев.

Акция аясында жастарға өз шығармашылығы туралы тарихшы әрі жазушы Марат Әбсеметов әңгімелеп берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109