2917

Азаматтарды жеке қабылдау: тұрғындар елорда әкіміне қандай мәселелермен жүгінеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады. Тұрғындардың негізгі сұрақтары жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу туралы болды. А. Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына орай келесі жылы қолжетімді тұрғын үй көлемі 3 есеге артатынын атап өтті. Егер жаздың ортасында тұрғын үйге кезекте 45 мың адам тұрса, қазір - 47,5 мың адам тұр.

Мәселен, Нұрзина 2011 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұр. Ол елордадан Екібастұзға көшу бағдарламасына қатысуға өтініш бергісі келеді. Оны резервтік тізімге енгізді. Махаббат балаға допкурстарды ұйымдастыру және киім алуға көмек көрсету сұрағымен жүгінді. Оған бұрын "жалпыға міндетті оқу" қоры бойынша сертификат берілді. 2,5 айда А. Көлгінов 300-ден астам адамды қабылдады. Өтініш білдіргендердің мәселелерін шешу бақылауға алынды.

Сондай-ақ, қала әкімі "Жанұя"институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдайды. "Бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам қызмет көрсетіледі. Ашылған сәтінен,яғни 26 тамыздан бастап орталыққа 1,5 мыңға жуық адам өтініш білдірді, 2 мыңнан астам сұрақ қойылды. Қызметкерлер жүйелі кеңестер беріп, мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдады. Азаматтарды қабылдауға аудан әкімдері, басқарма басшылары, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және т. б. қатысады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109