1028

"Open аkimat-тың ашылуы": А. Көлгінов және А. Шпекбаев азаматтарды жеке қабылдады

Есіл ауданының әкімдігінде елорда әкімі А. Көлгінов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың қатысуымен Open Akimat ашылды.

Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында басқару мәдениетінің жаңа стандарттарына көшу қажеттігін атап өткен болатын.

"Open әкімдік" жергілікті билікке тұрғындарға сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байланысты жақсарта түседі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәселен, Open akimat тұрғындарға  "бір терезе"қағидаты бойынша қызмет көрсететін болады. Азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй қоры, жұмыспен қамту орталығы, қазпошта және аудан әкімдігі қызметкерлерінің көмегіне және кеңесіне жүгіне алады.

"Тұрғындар жеке келіп, қызметкерлерден көкейде жүрген сауалдарына жауап алғылары келеді. Барлығы ашық түрде жасалынған. Мысалы, балабақшаға, тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар өз кезегін күтіп, заңды түрде балақшаға баласын беріп, не үй иесі бола алады. Барлығы тек заңды қатаң түрде сақтау аясында орындалмақшы. Басқа еш схема жоқ", - деді А. Көлгінов.

Сонымен қатар, залда азаматтарды қабылдау бойынша арнайы кабинеттер және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (некені тіркеу, бала асырап алу, неке бұзу процестері және т.б.) бар. А. Көлгінов пен А. Шпекбаев Open akimat базасында азаматтарды қабылдап, олардың  мәселелерін жеке бақылауға алды. Сондай-ақ, залда балалар бұрышы, кітапхана және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жабдықталған. Open Akimat "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Тұрғындарды қабылдау қалалық және аудандық әкімдіктерде, "Жанұя"отбасы институтын қолдау орталығында жүйелі түрде жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109