2705

Елордада демалыс күндері қайда баруға болады?

Алдағы демалыс күндер елордада музыка мен спорттық шараларға бай болмақ. Астаналықтар демалыс күндерін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін қайда баруға болатыны туралы келесі топтамадан қараңыз. 

11 және 14 қыркүйек күндері «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры өз қонақтарын А.Аданның «Жизель» балетін тамашалауға шақырады. Әлемдік туындының премьерасы 1841 жылы Париждің Гранд Операсында өткен болатын. Содан бері «Жизель» әлемнің түрлі балет театрында қойылса да, осы уақытқа дейін өзектілігі мен атағын жоғалтқан жоқ. Қойылым 18.00-де «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Билет құны 500 теңгеден басталады.


15 қыркүйекте елордада «Phanerozoic I: Palaeozoic» турының аясында атақты «The Ocean» тобы концертін қояды. Топ Ресей, Беларусь, Армения, Грузия, Қазақстан, Жапония қалаларына гастрольмен барады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы топтың концерті 15 қыркүйек күні сағат 20.00-де басталады. Өтетін орны: Қорғалжын тас жолы 3, The Bus. Концерт билеттерінің құны 5000 теңгеден басталады.
Осы демалыста елордада бірнеше спорттық шаралар да өтеді.


13 қыркүйекте хоккей жанкүйерлері «Номад» және «Сокол» клубтары арасындағы матчты тамашалай алады. Ойын «Қазақстан» спорт сарайында 19.00-де өтеді, билеттер құны 200 теңгеден басталады.
Сондай-ақ, 14 қыркүйекте «Барыс Арена» алаңында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Әлем чемпионатының ашылуы болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елінен 900 спортшы қатысады. Жарысқа шамамен 10 000 жанкүйер келеді деп жоспарлануда.
Қазақстан аумағында чемпионатты Kazsport телеарнасы таратады. Ал, тікелей көрсетілімді United World Wrestling (UWW) ресми сайтынан қарай аласыз. Чемпионат 22 қыркүйекке дейін жалғасады, көрермендерге кіру құны 1000 теңгеден басталады.


12 және 13 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Synergy Global Forum өтеді. Хедлайнер ретінде жеке тұлғаның өсуі тақырыбында әлемдік сарапшы болып есептелетін әйгілі Ник Вуйчич пен Ицхак Пинтосевич өз ойларымен бөліседі.
Ник Вуйчич «Шекарасыз өмір» тақырыбында, ал Ицхак Пинтосевич «Жалқаулық жеңімпазы. Шекарасыз өмір» тақырыптарында шеберлік-класстарын өткізеді. Ұйымдастырушылар тәжірибе, білім, нақты әрекеттер мен құралдарды үйрететін 8 сағатқа созылатын тренинг 10 есе тиімдірек болғысы келетін жандарға арналған деген пікірде.
Тренинг сағат 19.00-де «Сарыарқа» велотрегінде қонақтар алаңында басталады. Кіру құны 11 200 теңгеден 72 800 теңгеге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109