2694

15 қазаннан Нұр-Сұлтанда көмір сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдау басталады

Биылғы жылдың 15 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы азаматтардың жекелеген санатына қатты отын сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады. Төлем мөлшері 16 АЕК немесе 40 400 теңгені құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қатты отын сатып алу үшін бөлінетін әлеуметтік көмек зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналар мен пешпен жылытатын жер үйлерде тұратын отбасыларға беріледі. Бұл көпбалалы отбасылар сол үйдің иесі (жалдаушы) немесе үй иесі отбасының мүшесі болуы керек әрі отбасы мүшелерінің атында өз үйі, төрт күнкөріс минимынан жоғары табысы болмауы тиіс.

2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін созылатын  жылыту маусымына 16 АЕК  көлемінде төлем төленеді. Биыл бұл сома 40 400 теңгеге тең.

Аталмыш көмекті алуға құқығы бар бірнеше адам бір үйде тұрған жағдайда, өтемақы олардың біреуіне ғана төленеді.

Жылыту маусымы кезінде мемлекеттен бұл көмекті алу үшін өтініш беруші Достық, 13, Нұрсая-2 тұрғынүй кешенінде орналасқан Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінішімен бірге келесі құжаттарды тіркеуі керек:

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- бір тоқсанда, алдыңғы мерзімде келген өтініш берушінің (отбасы мүшелері) кірісі туралы мәлімет;

- мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлік туралы анықтама, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері);

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы берген жылжымайтын мүліктің жоқтығын дәлелдейтін анықтама;

- жалға алушылар үшін тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат.

Анықтама телефондары:

«Сарыарқа»  ауданы 55-68-45;

«Байқоңыр» ауданы 55-68-45;

«Алматы» ауданы 55-68-22;

«Есіл» ауданы 55-58-34.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109