2345

Елордада күзгі экологиялық айлық басталды

16 қыркүйектен 13 қазанға дейін елордада күзгі экологиялық айлық өтеді.  Шара аясында 21 қыркүйек күні Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған  жалпықалалық сенбілік болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Экологиялық айлық кезінде қаланы санитарлық тазалау, көше бойын, жаяу жүргіншілер жолын, аулалар мен арық жүйелерін тазарту, саябақтар мен жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстарды жүргізу, заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін жинау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жалпықалалық Ағаш отырғызу күні болып бекітілді. Биылғы жылы 21 қыркүйекте өтетін жалпықалалық сенбілік те осы датаға орайластырылып отыр. Оған кәсіпорындар, ұйымдар мен жоғары оқу орындары, ортакәсіптік оқу мекемелері, мектепке дейінгі мен жалпы білім беретін мекемелер, денсаулық сақтау және мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қатысады.
Сенбілікке шығатындарға қоқысты жинауға арналған (күрек, тырнауыш) жабдықтар, қолғап пен қаптар беріледі.

Сондай-ақ, сол күні елордамыз «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, оған әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн. ерікті қатысады. Акцияның ерекшелігі жиналған барлық қалдықтар (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыпталып, одан әрі қалдықтарды өңдеу зауытына тасымалданады.

Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу. Көшелерді және аулаларды абаттандырып, қаланы тазалау жұмысына елордамыздың кез-келген тұрғыны қосыла алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109