2537

Жыл басынан бері елордалық Жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі 383 адамды жұмыспен қамтыды

2019 жылдың басынан бастап елорданың Жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 425 адам жүгінген, олардың 383-і жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда 150-ге жуық ұйым мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдайды. Азаматтардың бұл санаты үшін Жұмыспен қамту орталығында жеке сектор бар, онда азаматтар кезексіз қабылданады.

Мұнда еңбек инспекторының қатысуымен жұмыс берушілермен жүйелі түрде кездесулер өткізіледі. Орталық мамандары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жұмыс орындарын құру қажеттілігі туралы жиі айтып отырады. Бұл үшін мемлекет арнайы субсидия бөледі. Атап айтқанда, жұмыс берушілердің жұмыс орындарын жабдықтауға кеткен шығындары өтеледі.

Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс беруші Жұмыспен қамту орталығымен келісімшартқа отырғаннан кейін ашады.
12 ай бойы мемлекет жұмысқа орналасушылардың жалақысын субсидиялайды. Оның мөлшері – жалақының 35%-ы. Бұл тұста мүмкіндігі шектеулі артықшылықтар беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109