4196

Елордада 25 қыркүйектен Қарттар күніне орай бір реттік төлем беріледі

1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні мерекесі тойланады. Аталмыш күнге орай жыл сайын жасы бойынша зейнетке шыққан елордалықтарға әкімдік бір реттік ақшалай төлем береді. Биылғы жылы бұл сомма 6313 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнеткерлерге (зейнетақы жасы әйелдер үшін – 58 жас, ерлер үшін – 63 жыл) есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын.

Басқарма қызмет ету туралы келісім-шартқа тұрған келесі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана аталмыш төлемді кедергісіз жібере алады. Олардың қатарында:  Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank  және Қазпошта бар.

Басқа банкте шоттарыңыз болса, аталған банктердің бірінен шот ашу керек, одан кейін Басқарма 20 таңбалы шот ашу туралы анықтаманы Достык к-сі, 13, Нұрсая 2 ТК мекен-жайы бойынша әкелулеріңізді сұрайды.

Анықтама телефондары:

«Алматы» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22;

«Есіл» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34;

«Сарыарқа», «Байқоңыр» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109