1936

Нұр-Сұлтанда жаһандық Х инновациялық саммит басталды

Нұр-Сұлтанда жаһандық инновациялық саммит-2019 басталды. Бұл саммит Орталық Азияда алғаш рет өтуде. Саммиттің басты тақырыбы ұлттардың бәсекеге қабілеттілігі және мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Форумға қатысу үшін 16 елден 50-ден астам халықаралық спикерлер келді.

"Бұл кездесу біздің форум аясында 10 рет кездесуіміз. Нұр-Сұлтан қаласы осы кездесуге өте жақсы, қолайлы қала, себебі Қазақстан қазіргі таңда өмірдің барлық салаларын қамтитын трансформациялық процестердің жүрегі болып табылады", - деді GFCC Президенті Дебора Л. Винс Смит.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А. Смайылов Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінде Қазақстан 28-ші орынға көтерілгенін, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде еліміз 59-шы орынға ие болғанын атап өтті. Саммиттің таңдалған тақырыбының өзектілігі туралы айта келе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Ә. Исекешев соңғы онжылдықта болған өмірдің түрлі салаларындағы Елеулі "ілгерілеулерді" атап өтті.

"ҚР Тұңғыш Президенті Қорының миссиясы – елдің тұрақты дамуына және ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болуына ықпал ету. Елбасының тапсырмасы бойынша бірнеше жобаны іске қосамыз. Олардың бірі-еліміздің бәсекеге қабілеттілік қасиетін арттыру, тұрақты инклюзивті өсудің әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша мемлекет үшін ұсыныстар әзірлеу және де ғылыми - практикалық зерттеулер жүргізу", - деді Ә. Исекешев.
Ә. Исекешев Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент сынды ірі қалалар әрдайым таланттардың орталығы екендігін аса атап өтті. Ал елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы таланттар үшін ең озық орталық ретінде танылғанын айтты.

"Елбасының шешімінің арқасында қала алғашқы трансформациядан сәтті өтті. Халық саны 3,5 есеге артып, қазіргі таңда 1 млн. адамнан асты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың одан әрі дамуына үлкен мән береді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қазіргі заманғы инновацияларды: білім беру, медициналық және спорт кластерін қамтитын орын болып табылады. Сондай - ақ Назарбаев университеті, ЭКСПО, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және басқа да маңызды нысандары бар басты қалаға айналды", - деді елорда әкімі А. Көлгінов.

Сонымен, қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 5 негізгі құралды пайдалану жоспарланып отыр: АХҚО платформасы, инновациялық экожүйені құру, цифрландыруды күшейту, өңірлік интеграциялық бірлестіктердің артықшылықтары (жаңа Жібек жолы, ЕАЭО, ШЫҰ), сондай-ақ географиялық жағдайдың көліктік-логистикалық әлеуеті.

Саммитке қатысушылар мемлекет жүргізіп отырған реформаларға қатысты оң пікір білдірді, бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық Кеңес федерациясының атқарушы директоры Р. Альварез Қазақстан - ОА-дағы аса серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі екенін айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109