4639

Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжаттарын жаңарту керек

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтарды 2019 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін құжаттарын жаңартуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Заңанамаға сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жыл сайын жаңартуы тиіс.

Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р. Қошқарбаев даңғ., 39 (кіру М. Жұмабаев көшесінен) мекен-жайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркей аласыз.

Жаңартуға қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (КММ-де толтырылады);

2) өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

5) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№ 6 формасы) (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-нан № 2 формасы, сатып алу-сату/ сыйға беру / жекешелендіру /айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлігі көшірмелері);

7)      өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары:

  1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін – куәлік;
  2. 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға – мүгедектік туралы анықтама;
  3. кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар үшін – ауруы туралы анықтама;
  4. жасына қарай зейнеткерлер үшін – зейнетақы кітапшасы;
  5. жетім-балаларға – ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі/қамқоршы тағайындау туралы қаулысы/сот шешімі;
  6. оралмандар үшін – оралман куәлігі;
  7. экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар үшін – құзіретті органның анықтамасы/актісі;
  8. көп балалы отбасылар үшін – көп балалы ана кітапшасы;
  9. қызметтік міндеттерін атқару кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – құзіретті органның анықтамасы;
  10. толық емес отбасылар үшін - некені бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері) және өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);
  11. мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін - - жұмыс орнынан (қызметінен) анықтамасы және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  12. аварийлық тұрғын үйі бар азаматтар үшін – құзіретті органның техникалық қорытындысы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109