4272

Елордалық ТЖД тұрмыстық өрт қауіпсідігі туралы еске салады

Жылыту маусымы алдында елордада өрт қауіпсіздігі бойынша айлық өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті жылытатын электр құралдары мен пештерді қолданудағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін еске салуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жылыту маусымы басталған кезде үйлер мен пәтерлерде электрлік құрылғылар, пеш, электр желісінің қызуы мен тұрғындардың салғырттығынан өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылады.
Статистика бойынша, көбіне өрт пеші тазаланбаған, электр желісінің тозығы жеткен ескі үйлерде болады.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі айлығы аясында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқарушы мамандар келесі ережелерді қатаң ұстану керектігін айтады. Мәселен, пештер мен түтін мұржаларының жағдайын үнемі бақылап, ақауларын дер кезінде жойыңыз. Жылыту маусымында 2 айда кемінде бір рет түтіндіктерді күйеден тазартыңыз. Пешті қатты қыздырмаған жөн әрі оған жиһаз және басқа да жанғыш заттарды жақын қоймаңыз.
Сондай-ақ, газдалған пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтаңыз. Жанып жатқан пештерді, тұтанған газ колонкаларын және ас үй плиталарын, примустарды және керогаздарды қараусыз қалдыруға болмайды, балаларға сеніп қалдыруға да болмайды.
Электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз және уақытында жарамсыз болған сымдарды ауыстырыңыз. Қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("қоңыздарды") қолданбаған жөн.
Электр жылыту құралдарын (плиткалар, үтіктер мен шәйнектер) жанбайтын тіреулерге орнатыңыз. Ал, шатырлы және жертөле үй-жайларында, қоймалар мен сарайларда темекі шегуге, шамдарды және басқа да ашық от түрлерін қолдануға жол бермеңіз, осы үй-жайларды жарықтандыру үшін электр шамдарын пайдаланыңыз. Әрі ол жердерді жанғыш материалдармен және қоқыспен жаппаңыз.
Сондай-ақ, пешпен жылыту кезінде төмендегілерге жол беруге болмайды:
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы жерге пештің алдына орналастыруға;
- қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;
- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
- адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пешті жағу;
- пешті пайдалану нұсқаулығымен белгіленген уақыттан тыс жағу;
- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге.
Пештегі отты ұйқыға кеткенге дейін екі сағат бұрын жағуды тоқтатқан дұрыс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109