2687

Бір жыл ішінде Нұр-Сұлтанда орта есеппен көліктерде 200 өрт орын алады

Бір жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында көліктерде 200-ге жуық өрт орын алады. Осыған байланысты елордалық құтқарушылар көлік жүргізу кезінде өрттің алдын алуға және өзіңіз және жақындарыңыздың өмірін қорғауға көмектесетін шараларды еске салады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Автокөлік өртенуінің алдын алу үшін құтқарушылар автокөлікте жақсы өрт сөндіргіш алып жүруге кеңес береді. Сондай-ақ, уақытылы тек қозғалтқышты ғана емес, көліктің электр жабдықтарын да арнайы техникалық бақылау жасайтын орындардағы білікті мамандарға тексертіп отыру керек. Сонымен қатар, аккумуляторды көлікке тікелей зарядтау, ашық от көздерін (сіріңке т.б.) пайдалануға, жанармай бактарының ауыздарын ашық күйде қалдыруға болмайды.
Қыстың күні көлікті жылыту үшін ашық спиральдары бар калориферлер, от және үйіту лампаларын қолдану қауіпті.
Көлік өртенген жағдайда жылдамдықты арттырып, отты сөндіруге тырыспаңыз. Одан да оталдыру кілтін сөндіріп, қол тежегішке қойып, жолаушыларды шығарыңыз. Содан кейін 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыз (қалалық телефоннан, кез-келген мобильді байланыс операторы арқылы қоңырау шалу тегін). Қауіпсіз ұзақтау жерге барып тұрыңыз, өйткені кез-келген уақытта жарылыс болуы мүмкін.
Көліктің алдын ашқанда абай болыңыз, оттегінің ағынынан от шарпуы мүмкін, сондықтан қолыңыз күйіп қалмау үшін шүберек алып, басыңызды бүйіріңізге қарай еңкейтіңіз.
Құтқарушылардың нұсқауына сәйкес, өрт сөндіргіш көбік (газ) ағынын өрт аймағына толықтай шашыңыз. Өрт сөндіргіш болмаған жағдайда қолдағы бар құм, қар, су, брезент немесе қатты материал, мысалы күртешені жалынның үстіне лақтырыңыз.
Жанармай төгілгеннен көлік жанса, ең алдымен жеке қауіпсіздікті естен шығармай жанармайды, содан кейін көлікті сөндіруге тырысу керек. Қолыңызға бензин жұғып не киіміңізге иісі сіңіп қалса, кез-келген уақытта өрт тұтануы мүмкін.
Өртті көрген кез-келген азамат 101 нөміріне хабарласып, нақты мекен-жайды, телефон нөмері мен аты-жөнін көрсету керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109