2598

Елордада үздік 5 ашық деректер аталды

Нұр-Сұлтанда әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің ашық деректер порталы (Open Data) дамытылып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты. 

«Бүгінгі күні біздің Open Data 8 сала (білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қалалық қызметтер, экология, жаңалықтар мен іс-шаралар) бойынша 20 деректер жиынтығын ұсынады. Және бұл тек бастамасы ғана», - дейді «Астана Innovations» АҚ баспасөз-хатшысы Әсел Әлімханова.

Елорданың ашық деректерінің үздік бестігіне мектептер мен балабақшалар,  ауруханалар мен емханалар туралы ақпарат, 109 қызметіне жүгіну, оған жауап алу, автобустардың онлайн қозғалысы туралы деректер мен ПИК тізімі кіріп отыр.

Сондай-ақ, мамандар кәсіпкерлер мен сарапшыларды, елорданың барлық тұрғындарын кері байланыс орнатып, кемшіліктер мен қандай деректер бизнес үшін, қарапайым азамат үшін пайдалы болатыны туралы ойларымен бөлісуді сұрайды.

Ол үшін http://new.smart.astana.kz/OpenDataRu сілтемесі бойынша сауалнаманы толтырып немесе Smart Аstana мобильдік қосымшасындағы «тілектер» бөлімінде өз ұсыныстарыңызды қалдыруға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109