3141

Бүгін Нұр-Сұлтандық жас сарбаздар ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттанды

Бүгін Нұр-Сұлтандық жас сарбаздар ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жас сарбаздар әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы шығысындағы шекара бекеттеріне барып, ел тыныштығын қорғайды. 

«Қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру науқаны бастау алған болатын. Осы уақытқа дейін әскери бөлімдерге жас толымның үш командасын жіберіп үлгердік. Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге көңіл бөлудеміз. Әскери қызметке білімді де білікті, денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан сабырлы, байыпты жастардың арасынан үздіктердің үздігін, әскери бөлімдерге қажетті маман иелерін алдын ала дайындап отырмыз»,-дейді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары – Жасақтау басқармасының бастығы подполковник Рустам Жүсіпұлы Жалбинов.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Аға буынның ізгі тілектерінен кейін сарбаздар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109