1297

Нұр-Сұлтан қаласына әлемнің 60 елінен туристік индустрия өкілдері келді

Нұр-Сұлтанда халықаралық PATA Travel Mart туристік көрмесі өтуде. Көрмені өткізу құқығын елорда Азияның ірі қалаларымен бәсекелестікте жеңіп алды. Соңғы 68 жылдың ішінде аталмыш іс-шара алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағынан тыс жерде өткізілуде. Көрмеге әлемнің 60 елінен 1000-нан астам туристік индустрия өкілдері қатысуда.

Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Б. Темірболат Қазақстан 63 елмен визасыз режим орнатқанын, жыл сайын елімізді әлемдік астаналармен байланыстыратын әуе рейстерінің артуын атап өтті. 

Елорда әкімі А. Көлгінов өз сөзінде елорданың туристік саласын дамытудың үш негізгі бағытының айқындалғанын атап өтті. Бірінші бағыт-іс-шаралар  туризмі: елордада шайбалы хоккей бойынша әлем чемпионаты, Comic Con 2019, IRON MAN 70.3 фестивалі, күрес бойынша әлем чемпионаты өтті.  Екінші бағыт – медициналық туризм. JCI бойынша аккредиттелген 7 ұйымның 6-ы елордада. Үшінші бағыт-Нұр-Сұлтан-Еуразияның конгресстік-көрме орталығы. Қалада жыл сайын 70-тен астам іс-шаралар өткізіледі, олардың төрттен бірі-іскерлік бағытта.

"Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Жезқазған-Ұлытау өңіріне барған сапарында туризмге біздің экономикамыздың негізгі саласы ретінде ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Соңғы 10 жылда біздің қалаға келген туристер  және қонақ үйлер саны 2 есе өсті. Биыл Нұр-Сұлтан Master Card компаниясының 200 жаһандық туристік дестинация рейтингісіне алғаш рет енді. Осы саланы одан әрі дамыту үшін Президенттің тапсырмасын орындау аясында халықаралық туризм университеті ашылады", - деді А. Көлгінов.

Ассоциация төрағасы К. Боттриллдің айтуынша, екі күн ішінде елордада әлемдік бизнес қауымдастық өкілдерімен 10 мыңға жуық кездесу өтеді.

"Қазақстан жер аумағы бойынша әлемдегі 9-шы ел. Табиғаты ерекше әдемі ел. Сонымен қатар Қазақстанда бизнеспен айналысуға барлық жағдай жасалған. Осындай кездесулердің негізгі мақсаты - отандық және шетелдік туроператорларды ілгерілету, ынтымақтастықты нығайту", - деді Қ. Боттрилл.

Ауқымды шара 18-20 қыркүйек аралығында "Көрме" орталығында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109