2979

Елордада Тіл туралы заңды бұзған жарнамалар алынып тасталуда

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік тіл тазалығын сақтау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Солардың бірі - «Тіл тазалығы – баршаға ортақ» жобасы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеше Байқоңыр ауданы бойынша жұмыс атқаратын топ Таха Хусейн көшесінде орналасқан нысандарды қарап шықты. Бірінші рет заңға сай емес жарнама, көрнекі ақпарат иелеріне ескерту жасалды.

 «Аталған көшеде жақында ғана түсіндіру жұмыстары кезінде нысан  иелеріне заңға сәйкес келмейтін жарнамалар туралы айтылған болатын.  Алайда олардың кейбіреулері бұл ақпаратты алмаған.  Қалалық әкімдіктің тілдерді дамыту және мұрағат ісі жөніндегі жұмыс тобы нысан иелеріне заңсыз жарнама үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіп, оны алып тастауды талап етті », - деп хабарлады басқарма.

Сыртқы сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсатынсыз заңсыз орнатылған жарнамалар жиі кездеседі, олардың ішінде тілдік грамматикалық қателіктер жиі кездеседі. Жұмыс тобы оларға әкімшілік айыппұл салмайды, тек оны алып тастауды ұсынады. Нысан иелерінің арасында жұмыс тобына кедергі жасап, олардың бизнес құқықтары бұзылып жатыр деп мәлімдейтіндер де кездеседі.

Тіл тазалығын сақтауға бағытталған жоба елорданың барлық аудандарында жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс мұқият қадағаланып, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланып, қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың  жіті бақылауында. 

Айта кету керек, «Тіл тазалығы – баршаға ортақ» жобасы астаналықтар тарапынан белсенді қолдау табуда. Акцияға қосылғысы келетін еріктілерден көптеген ұсыныстар түсіп жатады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109